ой

Kazakca ой nedir, Kazakca - Kazakca sözlük ой ne demek?

I
Ойға берілді. Ойланып кетті, қатты ойланды. Қанат ұшып түсті. О й ғ а б е р і л е м деп абайламапты. Аяғын іліп қалған ақпас ба, әлде шырмауық па, тас қараңғы, еш біліп болмайды (Н.Серәлиев, Ыстық күлше, 20). Ойға орамды. Ойға бірден келе кететін, ойға тез түсетін. Сәбиге жоғарыдағыларды бір-бірлеп ұғындырып болған соң, жаттауға жеңіл, о й ғ а о р а м д ы өлең-жыр үлгілерін үйретуге кіріседі (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 1, 30).
II
Ойдан орып, қырдан қырды. Қарық қылды, тындырды. Қай қазақ о й д а н о р ы п, қ ы р д а н қ ы р д ы, Білмейді деп жүр ме екен ішкі сырды. Қазақтың қайратының түбі мәлім, Алты бақан алауыз, иттей үрді (Шәкәрім, Шығ., 80). Ой жайлау. Таудың етегіндегі (ойпаң жердегі) жайлау. Етекте орналасқан жайлау – о й ж а й л а у, одан биіктегісі – бөктер жайлау, бөктерден жоғарғысы – төр жайлау, ең биіктегісі – кер жайлау деп аталады (Қаз. этнография., 1, 283). Ой құсы. Ойлы жерді мекендейтін қыран құс (бүркіт). Бүркітті мекеніне қарай о й қ ұ с ы, қыр құсы, құз құсы деп үшке бөледі (Туған жер., 143).


Kazakca - Kazakca sözlüğünde Kazakca ой kelimesinin Kazakca manası nedir? Kazakca dilindeki ой kelimesinin Kazakca dilindeki manasını yukarıda okuyabilirsiniz. ой diğer dillerde anlamlarına aşağıdan ulaşabilirsiniz.

Was this article helpful?

93 out of 132 found this helpful