ай

Kazakca ай nedir, Kazakca - Kazakca sözlük ай ne demek?

Ай бағып отырсың ба? Не бітіріп отырсың д. м. – Оу, қораланып осы жерде а й б а ғ ы п о т ы р с ы ң д а р м а, бір баланың шөп түсіп кеткен көзін жаза алмасаңдар (Ж. Түменбаев, Қардағы із, 86). Ай батты. Көкжиектен асып, ай көрінбей кетті. Жаңа туған ай мана кешке таман көкжиекке тақалып тұрған жоқ па еді? Ол а й б а т қ а л ы қашан (С. Байжанов, Ақ маржан, 35). Айды алдымызға, күнді қолымызға қондырды. Қарық қылды, жарытты, кенелтті. Дастархан басшыда желдей ескен ферма бастығы а й д ы а л д ы м ы з ғ а, к ү н д і қ о л ы м ы з ғ а қ о н д ы р ы п, байытып тағы кетті (Қаз. әдеб., 26.07.1974, 4). Ай керек. этногр. Топтасып, ұжымдасып ойнайтын балалар ойыны (Қаз. этнография., 1, 80). А й к е р е к деп аталатын ойынның шарттары мен ретін айгөлек, ақ серек-көк серек деп аталатын ойындарға өте ұқсас, соның бір варианты деп қарауға болады (Бұл да). Ай тасы. мин. Жартылай бағалы асыл тастардың бір түрі. Асыл тастардың жартылай бағалыларына а й т а с ы, аметист, берилл, опал, топаз т.б. жатады (Шаңырақ, 308). – «А й т а с ы н» ажыратып алудың жетілдірілген технологиясын әзірлеуді алғаш бастаған кезден бері Ақат дұрыс жолда келеді (Соц. Қаз., 10.08.1973, 2). Айың оңынан тусын. б а т а. Ісің сәтті болсын, мақсатыңа жет.


Kazakca - Kazakca sözlüğünde Kazakca ай kelimesinin Kazakca manası nedir? Kazakca dilindeki ай kelimesinin Kazakca dilindeki manasını yukarıda okuyabilirsiniz. ай diğer dillerde anlamlarına aşağıdan ulaşabilirsiniz.

Was this article helpful?

93 out of 132 found this helpful